Қызылорда облысында балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды
Ол 75 келі балықпен құрықталды
Қызылорда облысында 75 келіден астам балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды.
Қармақшы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері рейд барысында Ақжар-Көмекбаев ауылдарының ішкі тас жолының Тұрмағанбет ауылы тұсында қала тұрғыны басқаруындағы Niva-2121 көлігін тоқтатты, – дейді полиция.
Тексеру кезінде көлік жүк салғышынан заңсыз ауланған 3 қап балық, 2 жарық шам, 1 шанышқы айғақ зат ретінде алынды. 3 қапқа салынған балықтың жалпы салмағы 75 келі 652 грамды құрады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 335-бабы 1-бөлігімен (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.