Жержүзінде 600 млн адам ластанған тағамды жегеннен ауырады
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы күндері аясында «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК-ның ұйымдастыруымен эпидемиологиялық және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша тренингтер мен шеберлік сабақтар өтіп жатыр.
Оған 60-тан аса тамақ орындары мен қоғамдық тамақтануды ұйымдастырушылар, оның ішінде мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері қатысуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, жыл сайын әлемде 600 млн адам ластанған тағамдарды жегеннен кейін оның әрбір 10 адамы ауруға шалдығады екен. Қауіпті тамақ өнімдерінің кесірінен 200-ден аса жіті және созылмалы аурулар пайда болады. Ал елімізде жыл сайын жаппай тамақтан уланып, ауруханаға жіті ішек ауруларымен түсіп жатқан адам саны көбейіп келеді.
Трениг пен шеберлік сабақтарына қатысушылар инфекциялардың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті.
Ертең Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мамандары медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері мен емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін «Стационарда инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау бағдарламасын (ИАИБ) енгізуді қолдау. БМСК деңгейінде иммундауды ұйымдастыру» бойынша шеберлік сағатын өткізетін болады.