Halyq Uni логотип
×

Допинг дауына ілінген Игорь Сонға берілген ақша мен пәтер қайтарылмайды – министрлік

Ауыр атлеттің Токио олимпиадасына қатысты сынамасы таза болып шыққан

 Халық үні 22.02.2023 | 14:39
Допинг дауына ілінген Игорь Сонға берілген ақша мен пәтер қайтарылмайды – министрлік
фото: olympic.kz

WADA халықаралық ережелеріне сәйкес, жоғары нәтиже көрсеткен кәсіби спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлер жүйелі түрде допинг сынағынан өтеді.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 2 наурызда Жетісу облысындағы турнирде Игорь Соннан допинг-сынама алынып, ол оң нәтиже берген.

WADA стандарттарына сәйкес сынамалар бірнеше рет тексерілді. Нәтижесінде, WADA ережелері бойынша спортшыға 8 жылдық дисквалификацияны тағайындау туралы шешім қабылданды, ол 2022 жылдың 8 наурызынан 2030 жылдың 28 наурызына дейін созылады, - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, 2020 жылы Токио олимпиадасында алынған Игорь Сонның допинг сынамасы таза болғандықтан, олимпиаданың қола медалі, сондай-ақ оған берілген ақшалай сыйлық пен пәтер алынбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама