×

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеу керек?

2023 жылы жүргiзушi куәлiгiне төленетін баж құны қымбаттады

 Ая Өміртай 22.02.2023 | 11:46
Коллаж: Halyq Uni

Жүргізуші куәлігін жоғалтып алған немесе мерзімі өтіп кеткен жағдайда мамандандырылған ХҚКО-ға өтінім беру қажет, деп хабарлайды Halyq Uni

Жүргізуші куәлігі жоғалған немесе мерзімі өткен жағдайда не істеу керек? Дәл осы сауалға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жауап берді.

«Жүргізуші куәлігі жоғалған жағдайда телнұсқаны алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға өтінім беріп, мемлекеттік бажды төлеу қажет. Ал медициналық анықтаманы жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ғана ұсыну керек», – делінген ресми жауапта.

Жоғалған құжат орнына берілген арнайы белгісі бар жаңа жүргізуші куәлігі ЖЖҚ емтихандарын тапсырмастан беріледі. Сонымен бірге, 2023 жылы мемлекеттік баж құны өзгерді. Салық Кодексінің 615-бабы бойынша жүргiзушi куәлiгiн беру үшiн – 1,25 айлық есептік көрсеткіш мемлекеттік баж алынады. Яғни, 4 312,5 теңге. Былтыр бұл сома 3 828 теңге  болған. 

Ал уақцыты өтіп кеткен жағдайда ЖЖҚ емтиханын тапсыру қажет. 

Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығының 77, 80, 89, 104 тармақтарына сәйкес жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған болса, ауыстыру үшін төмендегі құжаттар керек:

•    жеке куәлік;
•    бұрын берілген жүргізуші куәлігі;
•    медициналық анықтама 073/У;
•    мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек. 

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін өтінімді электрондық үкімет веб-порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары және мамандандырылған ХҚКО арқылы беруге болады.

Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуде тұрған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жүгінген жағдайда, шетел мемлекеті берген ЖК мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама