Halyq Uni логотип
×

Профессор коронавирустан айыққан қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Маманның айтуынша, инфекция басқа да ауруды қоздыруы мүмкін

 Дәурен Ерболат 21.02.2023 | 17:36
Профессор коронавирустан айыққан қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Бақыт Көшерова, фото: qmu.edu.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс инфекционисі, профессор Бақыт Көшерова коронавирустан айыққан қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ОКҚ-де баспасөз мәслихатында журналист дәрігерге «Коронавиустан айыққан қазақстандықтар дәрігерге жиі қаралып, денсаулығын күтуі керек пе?» деген сұрақ қойды.

Бақыт Көшерова бүгінде коронавирустан айыққан адамдардың дәрігер бақылауында болуы керегін ескертті.

«Бүгінде арнайы алгоритм әзірленген. Мысалы, коронавирустың орташа ауыр түрімен ауырған науқас айығып, ауруханадан шыққан соң қандай анализдер тапсыру керек: D-димерлер, электрокардиограмма, жүректің УЗИ-і. Мұның бәрі аурудың қалай өткеніне байланысты. Орташа ауыр деңгейде ауырсаңыз, 1-6 ай аралағында қандай анализдерді тапсыру керегі көрсетілген. Бұл өте маңызды. Бүгінде бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр. Қазір дәрігерлер бұл мәселені алғашқы медициналық санитарлық көмек деңгейінде қарап жатыр», - деп сөзін түйіндеді профессор.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама