Бұл жерден жылына 1 700 рейс жасалады
Қостанай қаласындағы Kostanay Airport халықаралық әуежайы сатылымға қойылды. Бұл туралы хабар әуежайдың ресми сайтына шықты.
Әуежай қаладан 2 шақырым жерде орналасқан. Қазір ол Қостанай облысы әкімдігінің меншігінде тұр. Әуежайдан жылына 1 700 рейс жасалады. Рейстерді 200 мыңнан аса адам пайдалана алады.
Қостанайда алғашқы әуежай 1937 жылы салынған болатын. Қазіргі әуежай алғашқы кезде көлік авиация полкіне қызмет етті. Одан кейін 2018-2019 жылдары қайта жөндеу жұмысы жасалып, ұшақтың ұшу-қону жолағының ұзындығы 300 метрден 2 814 метрге дейін ұзарып, ені 60 метрге дейін кеңейіп, жолаушыларға қызмет ете бастады.