×

Баласына вакцина салдыруға қарсы ата-аналар саны көбейді – ДСМ

Сарапшы вакцина салдырғандар үшін ауру жеңіл өтетінін айтты

 Дәурен Ерболат 21.02.2023 | 16:53
фото: Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың вакцина алған сәті

Қазақстанда баласына вакцина салдыруға қарсы ата-атаналардың саны көбейген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Нұршай Әзімбаева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жыл сайын біз мониторинг жүргіземіз. Өкінішке қарай, соңғы жылдары екпеден (вакцина) бас тартып жатқан ата-аналар көп. Олардың саны 6 мыңнан асады, - деді Нұршай Әзімбаева ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

ДСМ өкілі вакциналау бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Вакцинадан бас тартқан ата-аналар инфекцияның балаға қаншалықты ауыр болатынын, оның салдарын түсінбейді. Біз олардың екпеден неге бас тартқанын анықтаймыз. Барлық факторды ескереміз. Тіпті, түсіндіру жұмысына теологтарды да қосамыз», - деді маман.

Астана медицина университеті Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева екпе алмаған балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төнетінін атап өтті.

«2018-2019 жылдары қызылша (краснуха) ауруы тарағанда қаншама бала қайтыс болды. Тіпті, көбі мүгедек болып қалды. Коронавирус кезінде де қанша адам реанимацияда жатты, қаншама адам қайтыс болды. Екпе алған бірде-бір адам қайтыс болған жоқ. Әрине, бұл вакцинадан кейін ауырмайсыз дегенді білдірмейді. Бірақ ауру жеңіл өтеді», - деп сөзін түйіндеді дәрігер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама