Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облысында шектеулер енгізілді
Үш өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Ақтөбе облысында «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» тасжолының Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабылды.
Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.