×

Үш өңірде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды

Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облысында шектеулер енгізілді

 Халық үні 21.02.2023 | 16:45
Фото: ашық дереккөз

Үш өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Ақтөбе облысында «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» тасжолының Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Қарағанды облысында «Екатеринбург – Алматы» тасжолының Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қостанай облысында «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» тасжолының Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама