×

Былтыр 800-ге жуық қазақстандық коронавирустан қайтыс болды – ДСМ

Биыл қауіпті инфекциядан 10 адам қайтыс болған

 Дәурен Ерболат 21.02.2023 | 16:20
Фото: Reuters/ Shannon Stapleton

Пандемия басталғалы Қазақстанда 1,4 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырған, ал 90 мыңнан аса адамға коронавирус пневмониясы деген диагноз қойылған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бүгінде барлық өңір жасыл аймақта тұр. Қазір тәулігіне коронавирус жұқтырудың 120 дерегі, пневмониямен ауырғандар бойынша 20 дерек тіркеліп жатыр. Науқастардың 99%-ы емделді», - деді Роза Қожапова ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ басқарма басшысы коронавирустың қауіпті штамы әлі тарап жатқанын атап өтті.

Штамдарды сәйкестендіру нәтижесінде Қазақстанда омикрон штамы әлі бары анықталды, - деді ДСМ өкілі

Сонымен қатар Роза Қожапова былтыр Қазақстанда коронавирустан қанша адам көз жұмғанына тоқталды.

2022 жылы коронавирустан 793 адам қайтыс болды:

  • 643 адам – КВИ+
  • 150 адам – КВИ-

Жыл басынан бері коронавирустан 10 адам көз жұмды:

  • 3 адам – КВИ+
  • 7 адам – КВИ-

Серіктес жаңалықтары

Сараптама