×

Алматыда мектеп мұғалімі сабақта оқушылармен бірге теңіз шошқасын сойған (ВИДЕО)

Оқиға биология пәнінен 10-сыныпқа өткізілген қосымша практикалық сабақта болған

 Еркеғали Болатұлы 21.02.2023 | 15:27
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім ішкі мүшелерін көрсету үшін сабақ кезінде мектеп оқушыларымен бірге теңіз шошқасын сойған.

Оқушылар сабақ үдерісін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Оның толық нұсқасын Instagram-дағы shelter_beliybim парақшасынан көруге болады. Кадрда мұғалім алдымен кеміргішті бірнеше рет ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеуге кіріскен.

Қазір жануарларды қорғаушылар мұндай садистік оқыту әдістерін қолданатын мектеп директоры мен мұғалімін жазалауды талап етіп отыр. Ал қалалық білім басқармасы оқиғаның 17 ақпанда «125 Almaty» ЖШС жеке мектебінде биология пәнінен 10-сыныпқа өткізілген қосымша практикалық сабақта болғанын хабарлады. 20 ақпанда әкімдік қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін білім ошағында болған.

Мұғалім оқушылардың қалауы бойынша теңіз шошқасының ішкі мүшелерін көрсету мақсатында «анатомия және физиология» бөлімін қорытындылау мақсатында аутопсиямен практикалық сабақ өткізген. Мұндай фактілердің алдағы уақытта қайталанбауы үшін мектеп мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мектеп әкімшілігіне қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыру және жануарларға қатыгездік көрсетудің алдын алу бойынша мектепішілік бақылау мен тәрбие жұмысын күшейту бойынша ұсыныстар берілді, - деп хабарлады білім бөлімі.

Нәтижесінде биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кетті. Ал мектеп басшылығы теңіз шошқалары мен егеуқұйрықтарға бұрын-соңды болмаған тәжірибе жасалғаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама