×

Қазақстандық курсант Ресейдегі әскери институтта қаза тапты

Ол Ресейге 2020 жылы жіберілген

 Халық үні 21.02.2023 | 15:12
Фото: ашық дереккөз

Ресейдегі Саратов әскери институтында қазақстандық курсант қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 19 ақпанында Ресей Ұлттық ұланы әскерлерінің Саратов әскери институтында Қазақстан Ұлттық ұланы әскери қызметінің 3-курс курсанты қаза тапты.

Ол 2020 жылы «Арыстан» мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, «Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген.

ҚР Ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама