×

Қаңтарда көпбалалы отбасылар 33,1 млрд теңге жәрдемақы алды

Мемлекеттің көмегі 532,6 мың отбасына берілді

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2023 | 11:13
фото: ашық дереккөз

Қаңтар айында көпбалалы отбасылар 33,1 млрд теңге жәрдемақы алды.

Мемлекеттік жәрдемақы 532,6 мың отбасына төленді. Бұл жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан беріледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 130 800 теңге мөлшерінде.

Елімізде көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

Биылғы 1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% көбейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама