Шөлдаладағы сарбаздың жұмбақ өлімі: жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті расталмады

Халық үні

Бекбол Мираш 2022 жылдың тамызында қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Әскери бас прокуратура қайтыс болған сарбаз Бекбол Мирашқа қатысты жыныстық зорлық-зомбылық әрекетінің болған-болмағанын тексерді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетейік, 2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасында мерзімді әскери қызметші қайтыс болды.

Билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қамауға алынған.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес ол Бекбол Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр, - делінген әскери бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқасы, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық болған-болмағаны тексерілді.

Алайда бұл дерек расталмаған, - деп хабарлады Әскери бас прокуратура.

Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды.

Айта кетейік, бұған дейін  іс бойынша күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев марқұмның ауыз қуысынан, ішкиімі мен футболкасынан, әскери шалбарынан биоматериал табылғанын мәлімдеді.