Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде «полиция қызметкері» кастет сатқан жасөспірімді бопсалаған

Полиция 22 жастағы күдіктіні ұстады

 Еркеғали Болатұлы 20.02.2023 | 15:56
Ақтөбеде «полиция қызметкері» кастет сатқан жасөспірімді бопсалаған
фото: madeheart.com

Ақтөбеде ер адам жасөспірімнен суық қару сатқаны үшін ақша бопсалаған.

Нақты айтқанда, 17 жастағы жігіт көшеден кастет тауып алып, оны сатып жібергісі келген. Содан ВКонтакте әлеуметтік желісіне жарнама орналастырып, «сатып алушымен» кездеседі.

Сатып алушы өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оны бопсалаған. Жігіт ұялы телефонын ломбардқа салып, алаяққа 133 мың теңге берді, – делінген хабарламада.

Полиция 22 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір оның үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама