Хаменова сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың және басқа да сотталушылардың шағымы апелляциялық сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратты Атырау облысы сотының баспасөз қызметі растады.
Апелляциялық сотта сотталушылар және олардың адвокаттарының апелляциялық шағымдары қаралып жатыр, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бұл туралы Хаменованың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.
Атырау қаласы, 2023 жылдың 20 ақпаны. Облыстық сотта әділдік үшін күресті жалғастырамыз! Апелляциялық сатыда қалалық соттың сауатсыз үкімі бойынша апам Бақытгүлдің жолдаған шағымы қаралғалы жатыр, - делінген жаздаба.
Айта кетейік, 2022 жылдың 15 қарашасында Бақытгүл Хаменоваға сот үкімі шықты.
Сот үкіміне сәйкес, Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде 3 жылдан кейін өтейді. Хаменова сот залынан үйіне жіберілді.
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев те 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов 4 жылға сотталды.
2022 жылдың желтоқсанында Атырау қаласының №2 сотына Бақытгүл Хаменовадан, оның адвокаты Игорь Вранчевтан, Өмірбек Адамовтан, оның адвокаты К. Адамовадан және Ақылбек Рысқалиевтың адвокаты Нұрбол Жолболовтан апелляциалық шағым түсті.