Halyq Uni логотип
×

Козачковтың сыбайластары да тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды

Сот қаулысы бүгін шықты

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2023 | 17:27
Козачковтың сыбайластары да тергеу абақтысынан үйқамаққа ауыстырылды
фото: twitter.com

Белгілі журналист Михаил Козачковтың екі сыбайласы да үй қамауына ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.

2023 жылғы 19 ақпандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының А.-ға және К.-ге қатысты 2 айлық қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын (2023 жылдың 19 сәуіріне дейін) үй қамағына ауыстыру бойынша арызы қанағаттандырылды, - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, Михаил Козачковтың өзі де тергеу изоляторынан үйқамаққа кеше ғана ауыстырылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама