Олар 37 жастағы аудан тұрғынының үйінің ауласында болған
17 ақпанда полицейлер мен «Охотзоопром» МКҚК қызметкерлері 37 жастағы аудан тұрғынының үйінің ауласын тексеріп, 26 бас киік өлексесін тапты.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі бойынша («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша іс қозғалды, - деп жазды polisia.kz.
Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.