×

Қызылорда облысында басы кесілген 26 ақбөкеннің өлексесі табылды

Олар 37 жастағы аудан тұрғынының үйінің ауласында болған

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2023 | 12:21
фото: дереккөз

17 ақпанда полицейлер мен «Охотзоопром» МКҚК қызметкерлері 37 жастағы аудан тұрғынының үйінің ауласын тексеріп, 26 бас киік өлексесін тапты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі бойынша («Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша іс қозғалды, - деп жазды polisia.kz.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама