×

Астанада жастар арасында төбелес болды (ВИДЕО)

«Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

 Динара Амантай 18.02.2023 | 15:35
Фото: видеодан скриншот

Астанада тұрғын үйлердің бірінің жанында жастар арасында төбелес болды, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін «102» арнасына Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиғаға қатысушылардың барлығы Алматы ауданының ПБ-на жеткізілді.

ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама