Қазақстан Украинаға кезекті гуманитарлық көмек жіберді

Қымбат Елтайқызы

17,5 тонна болатын жүк төсек-орын мен тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды

фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді.

2020 жылғы 28 наурызда Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейс ұйымдастырды. Ол Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді, – дейді ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы әрі антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын. Көмек Украина тарапының өтініші негізінде, мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес көрсетілді.

«Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттар көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді», – делінген ақпаратта.