×

Екібастұздағы ерлі-зайыптының өлімі: Роман Скляр пікір білдірді

Вице-премьер полиция жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді

 Дәурен Ерболат 17.02.2023 | 14:07
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзда тоқ соғып қайтыс болған ерлі-зайыптың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Бұл дерек бойынша Ішкі істер министрлігі қылмыстық істі қозғады. Тергеу аяқталып, қорытынды шығарылғанда тиісті ақпарат беріледі. БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, бұл бірқабатты үй болған. Онда КСК болмаған. Онда ыстық су құбыры жарылған, ашық электр сымдары да болған. Қазір полиция олардың (қайтыс болған адамдардың – авт.) кімдерді шақырғанын, жарылған құбырды кімдердің жөндемегенін, мұндай жағдайдың неге болғанын анықтап жатыр», - деді Роман Скляр Сенатта өткен парламенттік тыңдаудан кейін.

Журналист премьер-министрдің бірінші орынбасарына «Сіз бұл жағдайды бақылауға алмайсыз ба?» деген сұрақ қойды.

Жоқ, бұл маған қойылатын сұрақ емес, - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ Роман Скляр жылусыз қалған екібастұздықтардан бірнеше рет кешірім сұрағанын атап өтті.

Айта кетейік, 13 ақпанда Екібастұзда су басқан үйден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама