×

Интернеті жоқ ауылдардағы жастарды ұстап қала алмаймыз – Ералы Тоғжанов

Ақтөбе облысын интернетпен толық қамту жобасы іске асырылады

 Дәурен Ерболат 17.02.2023 | 11:33
фото: ашық дереккөзден

Бүгінде ауылда интернет болмаса, онда жастар тұрмайды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Ең үлкен сұрақтың бірі – ауылда адам қалсын десек, интернетті толық енгізу керек. Интернет болмаса, бүгін ауылда жастардың да тұрмайтыны белгілі. Неге? Себебі, бұл өмір мен уақыттың талабы», - деді облыс әкімі Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.

Ералы Тоғжанов өңірдегі мәселені шешу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен ақылдасқанын атап өтті.

Сондықтан өткенде министр Бағдат Мусинмен маңызды шешімдер қабылданды. Бірлесіп 99%-ға дейін интернетпен қамту жобасын дайындадық. Оны іске қоссақ, телемедицинаны да енгізуге үлкен мүмкіндік туады, - деді өңір басшысы.

Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы сапасыз интернет үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасаған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама