×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 17.02.2023 | 09:15
Фото: oqu.news

Қазақстанда бір тәулікте 114 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

17 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 659 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 116 пациент стационарда, 1 543 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус анықталғандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, бір науқас өте ауыр жағдайда жатыр.

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бұған дейін бір тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 1 545 адамның коронавирус инфекциясынан емделіп жатқаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама