×

Қазақстанда сайттар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді болады

Жыл соңына дейін жаңа стандарт әзірленеді

 Дәурен Ерболат 16.02.2023 | 17:50
Фото: linzy.ru

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін цифрлық технологияның қолжетімділігі жөніндегі стандарт жаңарады, деп хабарлады Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

Жаңартылған стандарт мүгедек пайдаланушылар үшін веб-ресурстарды қолжетімді етуді көздейді. Қолжетімділікті қамтамасыз ету визуалды, есту, физикалық, сөйлеу, танымдық, тілдік, неврологиялық шектеулер мен оқудағы қиындықтарды қосқанда, көптеген шектеуді ескеріп жасалады.

Сондай-ақ комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев мүмкіндігі шектеулі жандар үшін стандартты тезірек жаңарту туралы бастаманы қолдап отыр. Оның пікірінше, бұл сайттарды қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі талаптарға сай келмейтін ақпараттық ресурстар, сайттар бар екені жасырын емес. Біздің міндетіміз – осы сын-тегеурінге жауап беретін стандарттарды кезең-кезеңімен енгізу, - деді басшы.

Айта кетейік, биыл мүгедектерге арналған цифрлық технологияның қолжетімділігі жөніндегі стандартты жаңарту жоспарға енгізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама