Halyq Uni логотип
×

Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер көбейіп жатыр

Бұл елдер Ресей мен Беларусьтің жарысқа қатысуына қарсы

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2023 | 16:45
Бокстан әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер көбейіп жатыр
фото: championat.com

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) 7 елдің бокс федерациясынан биылғы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама алды.

Жеті мемлекеттің бокс федерациясы Ресей мен Беларусь боксшыларының әлем чемпионатында өз туын көтеріп, шаршы алаңға шығуына рұқсат берілгеніне байланысты бойкот жариялады, –  делінген хабарламада.

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін Чехия, Англия, Канада, Ұлыбритания мен Ирландия бокс федерациялары да америкалық әріптестерін қолдады. Одан кейін қатарға Швеция қосылды.

Еске сала кетсек, бокстан әйелдер арасындағы биылғы әлем чемпионаты Үндістанда 15-31 наурыз аралығында, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанда өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама