×

«Қалыпты өмірге қайта орала бастадық»: Харьковте тұратын қазақ бүгінгі жағдайды әңгімелеп берді

Былтыр 300 мыңдай ғана халық қалған қалада қазір 1,2 млн адам тұрып жатыр

 Ая Өміртай 16.02.2023 | 16:26
Коллаж: Halyq Uni

Макка Қаражанова 1966 жылы Ресейдің Орынбор қаласында дүниеге келген. 40 жылдан бері Украинаның Харьков қаласында тұратын ол жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында ол қала тұрғындарының қазіргі жағдайы туралы және әскери қақтығыстардың қай аймақтарда жүріп жатқандығы туралы әңгімелеп берді.   

Оның айтуынша, былтыр көктемде 300 мыңдай ғана тұрғыны қалған Харьков қаласы қазір қалыпты өмір салтына бірте-бірте оралып келеді.

«Өзімді таныстырар болсам, осы қалада 23 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Харьков табандылық пен жеңілмеудің символына айналды. 2022 жылдың 24 ақпанында ауданда және қала шетінде ұрыс болды. Жау орталықты бұзып өтіп, билікті басып алуға тырысты. Қала аман қалды. Өш алғысы келген орыстар қаланы күн сайын бомбалайды. Харьков – алдыңғы қатардағы қала», –дейді Макка Қаражанова.

Айтуынша, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап, Харьков облысы басқыншылардан толығымен босатылған. Дегенмен Ресей қарулы күштері қаладағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды зымыранмен ауық-ауық атқылауын тоқтатпай келеді.

Дәл қазір қала тұрғындары жеңіске жеңетініне сенімді. Былтыр күзде Харьков облысы басқыншылардан толығымен босатылды. Қарсылас топ қаланың өмірлік маңызды нысандарын әдістемелік тұрғыда зымырандармен атқылап отыр. Соның салдарынан жарық өшіп, транспорттар тоқтап қалып жатыр. Бірақ энергетиктеріміздің, коммуналдық қызмет мамандарының батылдығы мен еңбекқорлығының арқасында барлығы тез арада жөнделіп, қалпына келтірілді, – дейді ол Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында.

Дәл қазір қалада емханалар, ауруханалар, түрлі әлеуметтік және медициналық орталықтар жұмыс істеп тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, қаладағы тұрғындар саны 1,2 млн адамға жеткен.

«Жарық өшіп қалғанда қосымша генераторлар қосылады. Тұрғындар күн сайын қалаға оралып жатыр. Қала әкімінің хабарлауынша, қазір Харьков қаласында 1,2 млн-нан астам тұрғын бар. 2022 жылдың көктем-жазында адам саны небәрі 300 мыңға жетер-жетпес еді. Тұрақты өсім Харьков тұрғындарының өздерінің қаласына сенетінін көрсетеді!» – дейді кәсіпкер.

Макка Қаражанованың айтуынша, әскери қақтығыс әсіресе Украинаның шығыс өңірінде тоқтаусыз жүріп жатыр.

«Атап айтқанда, Харьков, Донецк, Запорожье, Херсон және Николаев аймақтарында жүріп жатыр. Бүкіл Украина зымыранның астында қалды. Күн сайын бірнеше рет әуе шабуылы туралы ескертулер беріледі, түнде дыбысы естіледі. Нағыз майдан Бахмут, Соледарда жүріп жатыр», – дейді ол.

Украина аумағында жүріп жатқан әскери қақтығыстар 2023 жылы көктемде аяқталады деген жергілікті билік соғыстың енді жазға қарай аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Украина Қарулы күштерінің Бас штабының хабарлауынша, кеше орыс басқыншылары Харьков облысындағы 12 елдімекенді атқылаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама