×

Атырауда итке таланған бала жансақтау бөліміне түсті

2015 жылы туған балаға операция жасалды

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2023 | 16:01
фото: ашық дереккөз

Атырауда итке таланған 8 жасар бала жансақтау бөліміне түсті. Басы мен аяғын ит қапқан ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылы туған балаға операция жасалған. Қазір оның жағдайы қалыпша.

Жалпы, елімізде иттердің адамға шабуыл жасауы жиелеп кетті. Мысалы, жақында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Бүркітті ауылында 1-сынып оқушысын ит талап, өлтіріп қоя жаздаса, Атырау облысында да 9 баланы ит қауып, жаралап тастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама