×

WhatsApp басшысы Telegram мессенджерін қолданбауға шақырды

Билік әлеуметтік желі әкімшілігінен құпия материалдарды сұрата алады

 Дастан Жұмабекұлы 16.02.2023 | 14:05
фото: ашық дереккөз

WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт Twitter парақшасында әлеуметтік желі қолданушыларын Telegram платформасынан бас тартуға шақырды.

Оның айтуынша, Telegram деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді.

Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын қызметі жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді, – деді ол.

Сонымен бірге, ол Telegram құпия чаттардағы мәліметтерді басқа адамдардың оқуына мүмкіндік беретінін, одан қалды, кез келген елдің билігі Telegram-нан өз азаматтарының жарияланған материалын сұрата алатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама