WhatsApp басшысы Telegram мессенджерін қолданбауға шақырды
Билік әлеуметтік желі әкімшілігінен құпия материалдарды сұрата алады
WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт Twitter парақшасында әлеуметтік желі қолданушыларын Telegram платформасынан бас тартуға шақырды.
Оның айтуынша, Telegram деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді.
Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын қызметі жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді, – деді ол.
Сонымен бірге, ол Telegram құпия чаттардағы мәліметтерді басқа адамдардың оқуына мүмкіндік беретінін, одан қалды, кез келген елдің билігі Telegram-нан өз азаматтарының жарияланған материалын сұрата алатынын айтты.