×

Қаңтар оқиғасы: қанша адам сотталды, қаншасы босатылды

Тараптардың татуласуына байланысты бір қылмыстық іс тоқтатылды

 Айнұр Шошаева 28.03.2022 | 14:45
фото © Самат Құсайынов

Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша 314 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен аяқталғанын мәлімдеді.

Сотталғандардың ішінде: 156 адам - ұрлық жасағандар, 23 адам - заңсыз қару сақтағандар, 7 адам - қару ұрлағандар, 3 адам - тонағандар. Қадағалау органы қабылдаған қаулылардың заңдылығын тексеру нәтижесі бойынша 291 айыпталушы сотқа тартылған.

Сот бүгінге дейін 96 адамға үкім шығарды, оның сексен сегізіне қатысты бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Тараптардың татуласуына байланысты екі күдіктіге қатысты бір қылмыстық іс тоқтатылды, - деді Санжар Әділов.

Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінде қаңтар оқиғасына қатысты 2120 қылмыстық іс бар. Сот санкциясымен 181 адам қамауда отыр: жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасағаны үшін 115 адам, қару-жарақты заңсыз иеленгені үшін 23 адам, ұрлық жасағаны үшін 18 адам.

Санжар Әділовтің мәліметше, жеке басы және сипаттама деректері ескерілген 242 күдікті қамаудан босатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама