×

Павлодар облысында бір қора қойды иттер қырып кетті

Жақында осыған ұқсас оқиға Жамбыл облысында тіркелді

 Халық үні 28.03.2022 | 14:00
фото: ашық дереккөзден

27 наурыз күні Павлодар облысы Ақсу қаласының полициясына «Айнакөл ауылы Көктас бөлімінде бірнеше ит 3 қой мен 9 қозыны қырып кетті» деген хабарлама түсті.

Яғни, 27 наурызда сағат 03.00 мен 04.00 аралығында ауыл тұрғынының қой қорасына 3 ит кіріп, қойларды қырып тастаған. Мал иесінің мәліметінше, оған 400 мың теңге көлемінде залал келген.

Учаскелік инспектор бір иттің иесін анықтады. Иттің 46 жастағы иесіне ӘҚБТК-нің 408-бабы 2-бөлігі (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Аталған бап бойынша, 10 АЕК, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Хаттама көшірмесі бойынша зардап шеккен жақ азаматтық тәртіп бойынша залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге құқылы, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Бұған дейін Жамбыл облысы тұрғынының қорадағы қойлары итке жем болған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама