Учаскелік полицей зардап шеккен әйелден 8 рет арыз қабылдаса да шара қолданбаған
Алматы қаласы Түркісіб аудандық полиция басқармасының учаскелік полицейі күйеуінің үстінен 8 рет арыз түсірмек болған әйелдің өтінішін қабылдаудан бас тартқан. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желіге жазды.
Оның айтуынша, әйелі тұратын үйдің терезесін сындырған ер адам қатты жарақат алып, реанимацияға түскен.
Арыстанғани Заппаров атты учаскелік полицей зардап шеккен әйелден 8 рет арыз қабылдаса да шара қолданбаған. Ол әйелге «сіздер заңды түрде ажыраспаған соң оны жазалай алмаймын» деген. Жазаланбаған жігіт әйелі тұрып жатқан үйдің есігін, терезесін сындырған. Үйіне кіріп, әйел өз ақшасынан несиесін төлеп отырған қымбат телефонды ұрлап кеткен. Бір рет терезеден кіремін деп оның шіліне жараланып, қанжоса болған, - дейді Дина Таңсәрі.
Ал зардап шеккен әйелдің айтуынша, күйеуі оған үнемі қорқытатын хабарламалар жібереді екен. Яғни әйелі мен омыраудағы баласын өлтіріп, «артынша өзімді өлтіре саламын, солай жазадан құтыламын» деген мәтінде хабарлама жібереді.
Өзі мен баласының өмірінен қорыққан әйел анасының үйіне қашып кеткен. Бірақ күйеуі ол жерден де тауып алып, қорқытқан. Яғни бұл жерде бірнеше қылмыстық істің құрамы бар. Алматы қаласының прокуратурасынан учаскелік инспектордың әрекетсіздігіне қатысты шара қолданып, қоғам мен отбасына қауіп төндіріп отырған адамды қамауға алуды өтінеміз, - деген Дина Таңсәрі.
Ресми органдар тарапынан бұл іске қатысты әлі ресми жауап келген жоқ.