Halyq Uni логотип
×

Павлодарда өрт кезінде үйден ес-түссіз жатқан адам табылды

Пәтер иесі 1973 жылы туған азамат болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2023 | 13:52
Павлодарда өрт кезінде үйден ес-түссіз жатқан адам табылды
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 6:07-де өрт сөндірушілерге Бектұров көшесінде орналасқан №351 үйдің 1-кіреберісінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері оқиға орнынан бір бөлмелі пәтердегі 3 шаршы метр алаңда жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Сол жерде 1973 жылы туған екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат ес-түссіз жатқан. Ол пәтер иесі болып шықты, – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, баспалдақ арқылы екі адам құтқарылды. Олардың біреуі «103» қызметіне тапсырылды. Пәтер иесі Павлодар қалалық №1 аурухананың күйік шалу бөлімшесіне «денесінің 25% бөлігін екінші-үшінші дәрежелі термиялық күйік шалған, жану заттарымен орташа улану»  диагнозымен жатқызылды. 

Тілсіз жауды сөндіруге Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жеке құрамының 19 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 06:34-те сөндірілді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама