Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны тағы да артты
Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
15 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 545 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Оның ішінде 123 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус анықталғандардың арасында алты адамның жағдайы ауыр, 3 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған.
Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Айта кетейік, бұған дейінгі тәулікте 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 1 605 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатқаны хабарланды.