×

Алматыда нәрестесін сатып жібермек болған ерлі-зайыптылар ұсталды (ВИДЕО)

Олар баланы тумай жатып, сатып алатын адам іздеген

 Еркеғали Болатұлы 14.02.2023 | 16:38
фото: ашық дереккөз

Алматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 миллион теңгеге сатпақ болған. Екеуі қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Арнайы жасақ Алмалы ауданында 25 жастағы әйел мен оның 32 жастағы күйеуін ұстады. Жас келіншек перзентханадан шыққан бойда бірден «клиентіне» 2 миллион теңгеге келісім жасасуға барған.

Ерлі-зайыпты баланы тумай жатып, сатып алатын адам іздеген. Ұстау кезінде нәрестені сатудан түскен ақша тәркіленді. Екеуі өз кінәсін толығымен мойындап отыр, - делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2 бөлігі («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Айта кетсек, осы қылмыс үшін 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20