×

Ресей өкілі Байқоңыр тұрғындарын Украинамен соғысқа шақырды

Келісімшарт жасасқан азаматтарға 260 мың рубль қарастырылған

 Дастан Жұмабекұлы 14.02.2023 | 13:07
фото: tass.ru

Ресей өкілі Байқоңыр қаласының тұрғындарына ақшаға Украинаға қарсы Ресей жағында соғысуды ұсынып жатыр.

Байқоңыр қаласы халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратында: «Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы №46 қаулысымен әскерге ішінра жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ ерікті түрде арнайы соғыс операциясына қатысуға тілек білдірген және әскери қызметтен өту жөнінде келісімшарт жасасқан Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шарасы ретінде 260 мың рубль көлемінде бір реттік ақшалай төлем қарастырылған, – делінген хабарламада.

Төлем төлеу тәртібіне сай, әскери қызметкер немесе оның өкілі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің әлеуметтік қорғау басқармасына қалыптасқан форма бойынша бір реттік ақшалай төлем төлеу жөнінде өтініш береді. Өтініш қаралғаннан кейін бір реттік төлем қаржысы әскери қызметкердің өтініште көрсетілген Ресей Федерациясы несиелік ұйымдарындарындағы есепшотына түседі.

Қазір әлеуметтік желіде осы оқиғаға байланысты наразылық білдірген жазбалар шығып жатыр. Онда жұрт бүкіл Ресейдің Украинаға қарсы соғысына, басқыншылық саясатына қарсылық танытқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама