Сүт өнімдерінен 114 сынама алынып, оның 9-ынан инфекция анықталған
Өткен жылы Түркістан облысында сиыр мен қойдан бруцеллез анықталған соң, қауіпті инфекция ошақтарында болған тұрғындар тексерілді. Індетті оның 21-і жұқтырған болып шықты.
«Хабар» телеарнасының хабарлауынша, сүт өнімдерінен 114 сынама алынып, оның 9-ынан инфекция анықталған. Сондай-ақ мамандар топырақ құрамын, жүн мен көңді де зерттеген.
Шымкенттің бас санитарлық дәрігері тұрғындарға бруцеллездің жануарлардан жұғып, созылмалы дертке апаратынын ескертті.
Қоршаған орта сынамаларынан оң нәтиже анықталған ошақтардағы жергілікті ветеринарлық қызметтердің тарапынан залалсыздандыру жұмыстарын талап еттік. Ол жұмыстар жүргізілді, - деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.