Түркістан облысында әкімдер жайылымдық жер туралы жалған ақпарат берген
Осылайша олар тиісті нормативтен артық жайылымнан дәметкен
Түркістан облысында ауыл әкімдері мал санын бұрмалап, жайылымдық жерге деген қажеттілікті артық көрсеткен, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.
Мысалы, Ақдала ауылдық округінің әкімі жайлымға мұқтаж ауыл малына өрісі бар шалғайдағы шаруашылықтардың да төрт түлігін қосып көрсеткен. Осылайша тиісті нормативтен артық жайылым қажет деп жалған ақпарат берген.
Сондай-ақ жергілікті жерлерде жауаптылар жайылымдарды қайтару бойынша ақпараттық технологияларды қолданбаған. Мақсатсыз пайдаланып отырғандардан жерді мәжбүрлеп алып қою және әкімшілік жауапқа тарту процедурасы мүлде жүзеге аспаған.