Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

 Халық үні 14.02.2023 | 09:39
Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды
Фото: oqu.news

Қазақстанда бір тәулікте 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір науқас қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама