Halyq Uni логотип
×

Астанада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел тірі қалды

Дәрігерлер науқасты 35 күн бақылауда ұстаған

 Еркеғали Болатұлы 13.02.2023 | 16:52
Астанада жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған әйел тірі қалды
фото: дереккөз

Астанада бір күнде 53 рет жүрегі тоқтап қалған әйел аман қалды. Ол ауруханаға миокард инфарктісіне байланысты өте ауыр жағдайда түскен. Бұл туралы №2 қалалық көпбейінді ауруханасы мәлімдеді.

Дәрігерлер науқасқа ауруханаға түскен 10 минуттан кейін ота жасаған. Кейін оның қан айналымы тоқтап, жүрегі күндіз-түні бір соқса, бір соқпай қалған. Осылайша, жүрек 53 рет тоқтаған. Ал мамандар жасанды жүрек пен өкпе қызметін қосуға мәжбүр болған.

Дәрігерлер науқасты 35 күн бақылауда ұстаған. Осы уақыт ішінде онда қан кету, қабыну реакциясы, көп мүшелердің жүйелі жеткіліксіздігі пайда болған.

Науқасты о дүниеден қайтарып, оны аяққа тұрғызу, дененің барлық функцияларын сақтауға, тіпті, бірнеше рет жасаған операциялардың көмегі тимеуі мүмкін. Бұл – медицинадағы ғажайып! – деді дәрігер Расул Сағнаев.

Науқастың миы зақымданбай, аман қалды. Қазір жағдайы бірқалыпты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама