×

Шымкентте «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасына қатысты іс қозғалды

Талап бойынша инвестор 5 мың теңге салып, одан кейін бес немесе одан да көп адамды тартуы керек

 Халық үні 13.02.2023 | 12:42
Фото: Абзал Қалиев

Шымкентте «AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

ЖШС ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететінін хабарлаған. Әлеуметтік желідегі хабарламаларға сәйкес, инвестор 5 000 теңге салып, одан кейін бес немесе одан да көп адамды тартуы керек.

Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген, - делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама