×

Ғалым Орал Ақшолақов қайтыс болды

Ғалым 86 жасында дүниеден өтті

 Халық үні 13.02.2023 | 12:17
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы геологиялық барлаудың негізін қалаушылардың бірі, ғалым Орал Ақшолақов 86 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Орал Ақшолақов – қазіргі энергетика министрі Болат Ақшолақовтың әкесі.

Орал Ақшолақов 1963 жылы Атырауда дүниеге келген.

1958 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын геолог мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Батыс Қазақстанның ұңғымаларды геофизикалық зерттеу экспедициясының бастығы, Алматы геофизикалық экспедициясының бас геологы болды.

2015 жылы Қазақстанның ғылым саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама