Halyq Uni логотип
×

Екібастұз-Ағадыр электр беру желісі ажыратылды

Қазір тұтынушыларға кезең-кезеңімен жарық беріліп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2023 | 11:35
Екібастұз-Ағадыр электр беру желісі ажыратылды
фото: ашық дереккөз

Бүгін таңғы сағат 9:22-де Екібастұз-Ағадыр 500 кВ Л-7170 электр беру желісі ажыратылды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Осыған байланысты апатқа қарсы автоматика арқылы Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы, Түркістан қалаларында электр энергиясы бойынша шектеулер енгізілді. Зақымдану орнын анықтау үшін «KEGOC» АҚ мамандандырылған бригадасы шықты. Сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-ін және Мойнақ ГЭС-ін қосымша жүктеу бойынша шаралар қабылданды, –  делінген хабарламада.

«KEGOC» АҚ-тың хабарлауынша, электр желілерінің апатқа қарсы автоматикасы штаттық режимде іске қосылды. Соның арқасында еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерінде толық ажыратуға жол берілмеді.

Қазір электрэнергиядан ажыратылған тұтынушыларға кезең-кезеңімен жарық беріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама