Түркияда жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 29 мыңнан асты
Жер сілкінісі болған аймақтан 147 934 адам басқа провинцияға эвакуацияланды
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны өсіп жатыр. Кейінгі ақпарат бойынша, қайтыс болғандар саны 29 605 адамға жетті, деп хабарлады Haberler.com.
Жер сілкінісі болған аймақтан 147 934 адам басқа провинцияға эвакуацияланды.
Сондай-ақ басқа елдерден келген 9 369 адам төтенше жағдай орнына жіберілді.
Айта кетейік, Түркияда жер сілкінісі болған аймақтарда 13,5 млн адам тұрады. Бұған дейін Түркия президенті жер сілкінісі салдарынан үйінен айырылған азаматтарға бір жыл ішінде 3-4 қабатты үй салу жоспарда бар екенін айтты.