Заңды некеге тұрғандар саны да 8,4% азайып отыр
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Былтыр бір жылда 128,5 мың неке тіркелген деген көрсеткіш – 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда, заңды некеге тұрғандар санының 8,4% азайғанының айғағы.
Ал 17,7 мың жұптың АХАЖ органдарындағы некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағандағы деректері бойынша ажырасқаны белгілі болып отыр. Абырой болғанда, бұл – 2021 жылғы деңгейден 8,1% төмен.