×

Елімізде соңғы 1 жыл ішінде 17,7 мың отбасы ажырасып кеткен

Заңды некеге тұрғандар саны да 8,4% азайып отыр

 Еркеғали Болатұлы 12.02.2023 | 17:55
фото: womensfamilylawyers.com

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанда 128,5 мың жұп шаңырақ көтерсе, 17,7 мың отбасы ажырасқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Былтыр бір жылда 128,5 мың неке тіркелген деген көрсеткіш – 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда, заңды некеге тұрғандар санының 8,4% азайғанының айғағы.

Ал 17,7 мың жұптың АХАЖ органдарындағы некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағандағы деректері бойынша ажырасқаны белгілі болып отыр. Абырой болғанда, бұл – 2021 жылғы деңгейден 8,1% төмен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама