Маңғыстаулық жұмысшылар жергілікті биліктен араша сұрады (ВИДЕО)
Компания бірнеше жұмысшыны келісімсіз жұмыстан шығарып жіберген
Солтүстік Бозашы кен орнындағы «Синопек» ЖШС-нің жұмысшылары видеоүндеу таратты, деп хабарлады Halyq Uni.
Олардың айтуынша, компания басшылығы бірнеше жүргізушіні жұмыстан шығарып, енді әріптестеріне қысым көрсетіп жатқан көрінеді.
Жұмысшылар мәселені «Синопек» ЖШС жұмысшыларының пайдасына шешуді сұрап, Маңғыстау облысының әкіміне, облыс прокурорына, сондай-ақ Еңбек инспекциясына жүгініп отыр.