Halyq Uni логотип
×

Бас санитар қаулысы: «Қызыл» аймақтағы мектептерде ғана маска режимі міндеттеледі

«Жасыл» және «сары» аймақтағы өңірлердде кабинеттік оқыту жүйесіне көшуге рұқсат берілді

 Айнұр Шошаева 25.03.2022 | 22:58
Бас санитар қаулысы: «Қызыл» аймақтағы мектептерде ғана маска режимі міндеттеледі
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы бойынша, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасындағы «жасыл» және «сары» аймақтағы өңірлердің білім беру ұйымдарына кабинеттік оқыту жүйесіне көшуге рұқсат берілді.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау және маска кию режимін міндетті түрде сақтауға қойылатын талаптар алынады.

Алайда, бұл «жасыл» және «сары» аймақтағы білім ұйымдарында маска режимі мүлде алынып тасталады деген сөз емес. Маска режимінің қажеттігі туралы шешімді ұйымның басшылығы қабылдауға құқылы.

Ал өңір эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа ауысқан кезде барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында маска кию режимі қайта енгізіліп, кабинеттік оқыту жүйесіне тыйым салынады. Тек зертханалық, практикалық сабақтарды ғана кбаинеттік жүйеде оқытуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама