Ол Шонжы кентінің аудандық ауруханасына ашық бас сүйек жарақатымен жеткізілген
Алматы облысында әйелді өлтірмек болды деген күдікпен 4 адам ұсталды.
9 ақпан күні таңертең Шонжы кентінің аудандық ауруханасына ашық бас сүйек жарақатымен 50 жастағы әйел жеткізілген. Бұл факті ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі, 8-тармағы («Кісі өлтіруге оқталу») бойынша СДТБТ-да тіркелген.
Күдікті ретінде Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары мен Алматы қаласының 1999, 2000 және 2001 жылы туған 4 тұрғыны ұсталды.
Айта кетсек, 9 ақпанда сағат 04:00 шамасында қаскүнемдер пластикалық терезені сындырып, үйге кіргенде А. есімді әйелді көріп, оны бастан ұрған.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.